$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Ақтау мұнай нысандарында оқу-жаттығу шаралары өтті

AstanaTV
30.05.2014ж. 13:00
1357
Ақтау мұнай нысандарында оқу-жаттығу шаралары өтті

Ақтауда арнайы қызмет сақшылары мұнай нысандарына жасалған лаңкестік шабуылға тойтарыс берді. Күзет жасақтары, полицейлер мен құтқарушылардың 200-ге жуық қызметкері терроризмге қарсы оқу-жаттығу шарасын өткізді.

Алдын ала жазылған лаңкестік акция сценарийінің жағымсыз кейіпкерлері алысқа қаша алмады. Арнайы жасақтың ширақ қимылдары оларға мүмкіндік бермеді. Өмірде мұнай стансасына бөгде адамдардың заңсыз ену фактілері тіркелмеген. Сондықтан да тәртіп сақшыларына біліктіліктерін дәл осындай оқу-жаттығу сабақтарында шыңдауға тура келеді.

Сценарий бойынша, қылмыскерлердің қолдарын тұсаған сақшылар орнатылған жарылғыш затты залалсыздандыруы керек. Алайда бірнеше нәтижесіз әрекеттен кейін бомбаны жаруға шешім қабылданды. Нәтижесінде мұнай өнімдері сақталатын резервуар отқа оранды. Осы тұстан өрт сөндірушілер жұмыстарына кіріседі.

Болат Жанасаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» корпоративтік қауіпсіздік департаменті басшысы:

Бұл жаттығуға «ҚазМұнайГаз» компанияларының 24 өкілдері қатысып отыр, жаттығу өңірде бірінше рет өтіп отыр. Басты мақсаты - ертең осындай кәсіпорындар адамдардың осындай ТЖ болдырмау, жеткізбеу.

Оқу-жаттығуға бас-аяғы 200 адам мен 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды. Операция барысын бақылаған 24 мұнай компаниясы өкілдері мамандардың жұмыстарына жоғары баға берді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ