$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Таиланд әскері елде әскери ахуал жариялады

AstanaTV
20.05.2014ж. 13:00
1485
Таиланд әскері елде әскери ахуал жариялады

Таиланд армиясы әскери іс қимылдарға әзірленіп жатыр. Алайда, әңгіме мемлекеттік төңкеріс турасында емес. Олар осындай әрекетімен саяси дағдарысты бастан өткізіп жатқан елде тәртіп орнатпақ. Ал патшалық басшылығы әскерилердің бұл шешіміне келісім бермеген.

Ел үкіметі басшысының қауіпсіздік мәселелері бойынша бас кеңесшісінің айтуынша, әскерилердің билікті өз ырқына бағындыру оқиғасы 2006 жылы да болған. Жасақтар қазір қала көшелерін күзетіп, жол тораптарын бақылауда. Тіпті, жергілікті телестанцияны да әскерилер басып алған.

Сондай-ақ, әскерилер үкіметке қарсы топтардың наразылық шараларын өткізуге жол бермеуде. Қазір үкімет пен оппозицияның қақтығысы тағы асқына түсті.

Айта кетейік, 7 мамырда сот шешімімен Таиланд премьер-министрі Йинглак Чиннават қызметтен босатылды.

Жұрағат БАМАН