Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ақтаулық «ҚазАзот» кәсіпорыны Кедендік одаққа зор үміт артады

AstanaTV
21.05.2014ж. 20:00
1231
Ақтаулық «ҚазАзот» кәсіпорыны Кедендік одаққа зор үміт артады

«ҚазАзот» Кедендік одаққа зор үміт артады. Ақтаулық кәсіпорын өнімді экспорттауға бағытталған құжаттаманы рәсімдеуде жеңілдіктер болады деген сенімде. Аммиак пен азотты тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын сыртқы нарыққа дайын өнім жеткізуге ниетті. Оларда шығарылатын өнімнің үштен бір бөлігі Әзірбайжан, Түркіменстан, Латвия, Беларусь, Ресей елдеріне экспортталады. Сатып алушылар қатарында Қазақстанның ауыл шаруашылық және өнеркәсіп кәсіпорындары да бар. 


Әйткенмен осы тектес кәсіпорын Ресейде де жұмыс істеп тұр. Көрші мемлекеттің өнімі Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Ал отандық кәсіпорын Оңтүстік және Орталық Қазақстанның сұранысын өтеуде. «ҚазАзот» басшылығының айтуынша, алдағы уақытта елдегі шаруалардың тапсырысын толық қанағаттандыра отырып, көршілерді нарықтан ығыстыру жоспары бар.

Руслан Аязбаев, «ҚазАзот» ЖШС бас директорының орынбасары:

Менің ойымша, бұл бәсекелестікті арттырумен қатар нарықтың кеңеюіне ықпал етеді. Тіпті техникалық, кедендік, әртүрлі құжаттарға қатысты маңызды факторлардың бірі болып табылады. Біз күллі Қазақстанды өз өнімімізбен қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз.

Заңғар САНАЙ