Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды облысында кәсіпкерлердің проблемасын шешуге арналған диалог алаңы құрылды

AstanaTV
21.05.2014ж. 20:00
1294
Қарағанды облысында кәсіпкерлердің проблемасын шешуге арналған диалог алаңы құрылды

Қарағанды облысында кәсіпкерлердің проблемасын шешуге арналған диалог алаңы құрылды. Оның құрамына аймақтық кәсіпкерлер палатасы, бизнес өкілдері кеңесі мен мемлекеттік орган өкілдері кіреді. Қарағанды облысының экономикалық дамуында оң серпін байқалады. Өткен жыл қорытындысы бойынша шағын орта кәсіп иелерінің қатары 9 пайызға өсіп, 62 мыңға жетті. "Жаңа жұмыс орындары ашылып бес жүз миллиард теңгенің өнімі шығарылды. Осы қарқыннан таймау керек",- деді аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев.

Ол бизнес өкілдерін "ЕХРО-2017" көрмесіне дайындыққа белсене араласуға шақырды. Бұл қарағандылық кәсіпорындар үшін өндіріс көлемін ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға зор мүмкіндік. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер Еуразия Экономикалық Одағы аясында бизнесті кеңейту жоспарын дайындап жатыр. Жиын соңында шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы әріптестік декларациясына қол қойды.

Төлеген Әшімов, аймақтық кәсіпкерлер палатасы құрылыс жұмыстары бойынша комитетінің төрағасы:

Заң жүйесінде істелмеген жұмыстар бар. Сосын оқу орындары дайындығында, құрылысшылардың дайындығында, инженерлердің дайындығында. Бізде шыны керек жоғары сапамен жұмыс жасайтын жұмыскерлер, инженерлер аздау болып тұр. Мамандар жетіспейді. Оқу орындарының жұмыс сапасын көтеру керек деп ойлаймын.

Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:

Аймақтарға келетін болсақ, біз нақты жұмыс жасағанды қалаймыз. Біздің кәсіпкерлерімізді дәл қазір толғандырып отырған мәселелер аясында. Басты міндет - нәтижелі жұмыс пен экономикалық өсім.

Базаргүл ІЗІМОВА