Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астананың 672 жас жанұясы биыл баспаналы болмақ

AstanaTV
23.05.2014ж. 10:00
881
Астананың 672 жас жанұясы биыл баспаналы болмақ

Елорданың 672 жас отбасы биыл баспаналы болады. Бұл «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге аспақ. Бағдарламаның өзгешелігі - пәтерлердің жалға берілетіні, ал келешекте оны сатып алу үшін жалдаушы 8 жыл бойы шотына қаржы жинақтау қажет. Құжаттарды қабылдау маусымның 2-нен 14-не дейін жалғасады. Бұл туралы Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Серік Оспанов журналистерге берген сұхбатында, биыл пайдалануға берілетін пәтерлердің әр шаршы метрі 120 мың теңге болады деді. Жас отбасылар баспанаға Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қол жеткізе алады. Биылғы бір жеңілдік - алдын ала жинақталған қордың болуы міндетті емес. Ал пәтер иелерін балдық жүйемен іріктеу көзделген.

Серік Оспанов, «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Жеңілдікпен берілетін жалдамалы үйлерге кемінде екі жыл некеде тұрған, жеке меншігінде мүлігі жоқ, жастары 29 жасқа толмаған жас отбасылар мен Астана қаласында екі жыл тіркелімі бар толық емес отбасы үміттене алады.

Баспанаға қол жеткізген отбасылар 8 жыл бойы жалға тұрып, пәтер құнының 50% жинай алады. Ал қалған жартысы үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жылдық мөлшері 4%-бен 15 жылға несие бермек.