Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте автобус кондукторы ауған соғысы ардагерінің құжатын жыртып тастады

AstanaTV
23.05.2014ж. 10:00
1044
Шымкентте автобус кондукторы ауған соғысы ардагерінің құжатын жыртып тастады

Шымкентте қоғамдық көлік кондукторы ауған соғысы ардагерінің куәлігін жыртып тастады. Ардагер бұл құжатты қоғамдық көлікте тегін жүру үшін көрсеткен екен.

Сергей
Дудченко, ауған соғысының ардагері:

Кондуктор менің куәлігімді көрсетуімді талап етті. Мен түпнұсқасын алып жүрмейтіндіктен көшірмесін бердім. Өйткені жеке куәлігім бар.
Ол қыз жүргізушіге барып көрсетті де екеуі қарқылдап, мені мазақ етіп күліп алды бүкіл жолаушының алдында. Сосын мұныңды қайда тықсаң онда тық, түкке де жарамайды деп келемеждеді.

Сергей Дудченконың сөзіне сенсек, билет кесуші қыз оның ұсынған құжатын көз алдында жыртып-жыртып, өзін автобустан түсіріп тастапты. Ауған соғысы ардагері 1983 жылдан бері қоғамдық көлікте еш кедергісіз жүрген екен. Соңғы бір айда осымен екінші мәрте кедергіге тап келіп отырмын дейді.

Ал жолаушы тасымалына жауаптылар болса, ауған ардагерлері соңғы жылдары тегін тасымалданатын азаматтар санатына жатпайды деп отыр. №43 бағыттағы автобусқа жауапты Серғазы Базарбеков бұл жағдайдан мүлдем хабарсыз екенін айтады.

Айтуынша, бұған дейін жолақы төлемесе ол тек жүргізушілер тарапынан түсіністікпен қарағандықтан. Дейтұрғанмен, болған жәйтті тілшілерден естіп тұрмын деген басшы: құжатты жырту былай тұрсын, жолаушыға дөрекі сөйлеудің өзі кешірілмейді, - деді.

Серғазы Базарбеков, автокөлік қызметін пайдалану бөлімінің басшысы:

Егерде бұл оқиға анық болып анықталатын болса, біздің жүргізушілердің жағынан жіберілген кемшілік болатын болса, тиісті шара қолданылады. Біздің жүргізушілер бен кондукторымыз осындай дөрекілік көрсеткен болса, біз жұмыстан шығаруға шейін шара қолданамыз. Ал негізі, біздің қауымдастықтың қабылдауы бойынша ауған соғысының ардагерлері тегін таситын категорияға кірмейді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ