Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2018 жылдан бастап елімізде күнкөрісі төмен отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы берілмек

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
3606
2018 жылдан бастап елімізде күнкөрісі төмен отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы берілмек

2018 жылдан бастап елімізде күнкөрісі төмен отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы беріле бастайды. Әзірге әлеуметтік жоба сыналып жатыр. 2016 жылы републикалық бюжеттен 1,4 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен жиында осындай ақпар айтылды.

Вице-министр Светлана Жақыпова  бұл  «Өрлеу» әлеуметтік жобасының жалғасы екенін жеткізді. Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен 50 пайызға төмен табысы бар отбасылар алады. Ол адам басына 13 мың теңгеден 1 жылға дейін берелуі тиіс. Тек бір шарт бар. Егер отбасында жұмыс істеуге қауқарлы, бірақ жұмыссыз отырған мүшесі болса, онда ол мемлекет тарапынан ұсынылған кез келген жұмысқа келісуі міндет. Әйтпесе жәрдемақы мөлшері кемітіледі. Бүгінде елімізде ресми тіркеуде күнкөрісі нашар 13 мың отбасы болса, онда еңбекке жарамды 39 мың азамат жұмыссыз отыр екен. 2013 жылы басталған жобаға 12 мың адам іріктеліп, 163 млн теңге беріліпті. 

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Отбасында 3 адам болса, 13 мыңнан санасаңыз, 39 мың болады. Бір айынан 39 мың. Жұмысқа орналастырамыз. Өздерінің кірістері екі есеге артылып отыр. Жобаға қатысқан кісілердің. Төлемдер бір жылға дейін барады. Бір жылдан кейін ғана тоқтатылады. 

2018 жылдан бастап елімізде күнкөрісі төмен отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы берілмек