Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Канададағы өрттің салдары

AstanaTV
14.05.2016ж. 20:00
1604
 Канададағы өрттің салдары

Канаданың Альберт провинциясындағы өрттің шығыны кем дегенде 7 млрд долларды құрауы мүмкін. Сақтандыру төлемдерінің соншама болуын мамандар есептеп үлгерді. Альбертте басталған өрт көрші Саскачеван провинциясына жайылған. Билік өрттің бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтады. 2 мың шаршы шақырымда лаулаған өртті үздіксіз жауатын жаңбыр ғана баса алады. Форт Мак-Мюррейдің тұрғындары түгел  көшірілді. Қаланың көрінісі кісі шошытарлық. Қорқынышты фильмдердің декорациясы сияқты.  

Өрт жалмаған жердің кадрлері

Бұл аймақ Канаданың мұнай өндіретін мекені. Bloombergтің хабарлауынша, мұнай өндіруші компаниялары орман өртінің кесірінен тәулігіне 1 млн баррель мұнай жоғалтқан.  Кейбір компаниялар өндірісті қалпына келтірді.

Мұнай бағасының өте «сезімтал» екеніне бір дәлел. Аптаның басында Brent маркасының котировкасы 46,48 доллардан 43,46 долларға бір-ақ құлады. Оған Сауд Арабиясы үкіметіндегі ауыс-түйістер туралы жаңалық ғана емес, Канададағы өрт мұнай кеніштерінен алыстай бастағаны жайлы ақпарат та әсер еткен.