Бүгін Астанада Қазақстан және Ресей
басшылары елімізде Атом электр стансасын салу туралы меморандумға қол қоймақ. Жоспар бойынша алғашқы АЭС Курчатов қаласының аумағында
салынады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ
құру туралы келісім-шартқа қол қою бойынша ресми және
салтанатты шаралардан кейін жеке кездеседі деп күтілуде.
Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі
Юрий Ушаковтың айтуынша, бейбіт атом бойынша ынтымақтастық саласында бас-аяғы
төрт құжат бекітілмек. Оның ішінде
ядролық-энергетикалық саладағы ынтымақтастық және Қазақстанның шығысындағы
Курчатов қаласы аумағында атом электр станциясын салудың кешенді бағдарламасы
да бар. Юрий Ушаковтың сөзінше, АЭС ресейлік технология бойынша салынады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА