Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Құралай өлді...

AstanaTV
14.05.2016ж. 20:00
2109
Құралай өлді...

Алматы зообағындағы Құралай деген жолбарыс ақыры өлді. Жолбарыс қиналып өлді. Оны қинамай, дәрі егу керек дегендерге хайуанаттар бағының басшылығы –Құралай тәуір болып келеді, бәрі жақсы болады,- деген. «Бәрі жақсы болады» дегеннен кейін 3 күннен соң  өкпесі қабынған, әбден зорыққан, денесі тесіліп, тұрудан қалған жолбарыс өліп қалды...  Оның бишара кейпі түсірілген фотосуретті көру мүмкін емес еді... Ал енді осы зообақтағы ақ аю қоректенуден қалыпты. Директордың орынбасары Ағыбай Әжібаев, «аюдың жасы 27-де. Сондықтан ауруы кәріліктен»,- дейді. Соңғы кезде Алматы хайуанаттар бағында 100 жануар өлген...  Осындай «бәрі жақсы болатын» зообақ...