Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда метан өндірісі жанданады

AstanaTV
30.05.2014ж. 20:00
1866
Қазақстанда метан өндірісі жанданады

Қазақстанда метан өндірісі жанданады. Отандық «Қазтрансгаз» бен LeMar CA компаниялар тобы баламалы газ өндірісіне арналған бірлескен кәсіпорын құрмақ. Қос компания басшылары құрылтай шартына қол қойды.

Әңгіме Қарағанды көмір бассейнінің метанын барлау мен өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жайында болып отыр. Жоба мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмір кен орындарының метан өндіру мен оны кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы тапсырмасы аясында жасалуда. Мақсаты - еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандырудың баламалы нұсқаларын зерделеу.

Қазір Қазақстанда көмірсутек шикізатын өндіру саласы жанданып келеді. Инновациялық жоба дәстүрлі емес энергия тасымалдаушылардың бірі болып табылады. Қол қою рәсімі барысында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының бас директоры Серік Сұлтанғали, баламалы энергия түрлерін зерделеу арқасында, еліміздің солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету басталғанын айтты. LeMar CA компаниялары әлемде көмір мен тақтатас газдарын, яғни метанды өндіру жөніндегі толық жобаларды іске асырумен айналысады. Оның ішінде газ дайындау және қайта өңдеу кешендерін жүргізеді, ең үздік бұрғылау схемаларын, синтетикалық метан, отын және электр энергиясын алумен жерасты газдандыру жобаларын әзірлейді.

Жұрағат БАМАН