Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату 10 маусымнан бастау алады

AstanaTV
16.05.2016ж. 20:00
1278
ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату 10 маусымнан бастау алады

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға асығып жүргендер арманына бір табан жақындай түспек. Маңызды шараға онлайн билеттер 10 маусымнан бастап сатылымға шығатын болды. Ал тамыз айында қолма-қол билеттерді алуға да мүмкіндік тумақ. «Астана Экспо-2017» ҰК» басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің айтуынша, билет құны кино билеттерінің бағасынын сәл қымбатырақ болады. Ұлттық компания Халықаралық көрмелер бюросымен ұзақ уақыт келіссөздер жүргізіп, бағаны мейлінше төмен мөлшерде бекітуге мүмкіндік алған.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  басқарма төрағасы:

Билеттің нақты құнын айта алмаймын. Бірақ ол кино билетінің бағасынан біршама қымбаттау болатыны анық. Билет операторы таңдалды және жақын арада бұл жайында егжей-тегжейлі білетін боласыздар.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болғандай, көрме құрылысына 100 миллионнан астам еуро көлемінде демеушілер қаражаты тартылған. 244 миллиард теңге инвестиция құйылды. Осының арқасында қосымша 5 мың жұмыс орны ашылған. Ахметжан Есімов көрмеге 100-ден астам мемлекет қатысады деген сенімде.

Айта өтейік, бүгінгі таңда 84 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растаған. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА