Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлттық валюта бағамы 327 теңге төңірегінде тұрақтады

AstanaTV
16.05.2016ж. 20:00
1289
Ұлттық валюта бағамы 327 теңге төңірегінде тұрақтады

Теңге бағамы бүгін тағы да нығайып, АҚШ валютасы құнының біршама төмендегені байқалды. KASE-дегі таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 327 теңге болды.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 327,5 теңге көрсеткішімен аяқталды. Саудадағы ең төменгі баға да осы төңіректе тұрақтады. Ал айырбас бекеттерінде «көк қағаз» 328, кей жерлерде тіпті 327 теңгеден сатылып  жатыр.

Айта кетейік, ICE биржасының мәліметіне сәйкес, бүгін «Brent» маркалы мұнайдың баррелі 48,45 доллар болды. Кейбір сарапшылар көк қағаздың құны әлі де төмендеп, шамамен 323 теңгеге дейін құлдырайды деп болжап отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ