$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Қарағанды әкімдігі Серік Ахметов пен бірнеше экс-шенеунікті қайта сотқа берді

17 мамыр 2016
992
Қарағанды әкімдігі Серік Ахметов пен бірнеше экс-шенеунікті қайта сотқа берді

Қарағанды қалалық әкімдігі Серік Ахметов пен онымен бірге сотталған бұрынғы шенеуніктерді қайта сотқа берді. Шенеуніктер бұл жолы экс-премьер-министрден 200 млн теңгеден астам материалдық шығын өндіріп алмақшы. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

Екі бірдей шағым №2 Қазыбек би аудандық сотында қаралатын болады. Әкімдік «Еуростандарт Қарағанды» серіктестігі мен «Мәдениет және демалыс саябақтары» басқармасына келген 3 жарым млн теңгеден астам шығынды өндіруді соттан сұрап отыр. Мұнан бөлек «Қалалық Жарық» мекемесі эпизоды бойынша 202 млн теңге өндіріп беруді сұраған. Арыздардың көшірмелері түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан Серік Ахметов пен облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке, сондай-ақ тағы екі сотталған шенеунікке жіберілді. Тараптар мамырдың 19-ы күні алдын ала тыңдауға шақырылады.

Гүлбаршын Жітікова, Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Қарағанды қалалық әкімдігі Серік Ахметов, Бауыржан Әбдішев пен Жәкенов, Адамбековтерден шамамен 200 млн теңгеден астам қаржы өндіріп беруді соттан сұрады. Азаматтық істер жуық арада қаралады.

Айжан ҚУАШ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар