$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Нұрсұлтан Назарбаев Cыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

AstanaTV
30.06.2014ж. 20:00
1292
Нұрсұлтан Назарбаев Cыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Cыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады. Ведомство басшысы Президентке 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы баяндады. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы дипломаттарды келе жатқан кәсіби мерекесі - Дипломатиялық қызмет күнімен құттықтады. Олардың мемлекет мүддесін ілгерілетуде, азаматтарымызды қорғау және шет елдермен байланыс орнатуда маңызды жұмыс атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы сыртқы саяси қызмет бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды екінші жартыжылдықта жалғастыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Президентке Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуін қамтамасыз ету туралы әңгімеледі. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Жұрағат БАМАН