Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылорда өнерпаздары Астана күніне орай елордада жыр кешін өткізді

AstanaTV
30.06.2014ж. 13:00
1703
Қызылорда өнерпаздары Астана күніне орай елордада жыр кешін өткізді

«Сыр сүлейін сұрасаң...». Қызылорда өнерпаздарының Астана күніне орай елордада өткізген жыр кеші осылай аталды. Сыр сүлейлерінің ізбасарлары дүлдүл жыраулардың терме-толғауларын айтып, ел көңілін көтерді.

Астаналықтарды мерекемен құттықтауға Қызылордадан барлығы 200-ден аса өнерпаз келген. Олар бір жетіге жуық уақыт түрлі көрме, спектакль, концерттік бағдарламаларын астаналықтарға арнады. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өткен шарада түрлі жыр мектептерінің өкілдері өнер көрсетті. Сүлейлер ізбасарлары Тұрмағамбеттің рубайларын, Нұртуған, Сәрсенбай, Базар жыраулардың терме-толғауларын орындап, елорда халқына рухани азық сыйлады.

Алмас Алматов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жырау:

Астана күніменен Астана халқын, бүкіл қазақ елін құттықтаймыз! Астана егеменді ел, дербес мемлекет болып қалыптасқан уақыттан бергі тек қана қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтардың рухани астанасы болып қалыптасып келе жатыр. Сондықтан да, Астана күні біздің ұрпағымыз бен болашағымыздың жасампаз мерекесі деп қабылдаймыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ