Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кәсіпкерлер палатасы жер мәселесіне қатысты аймақтарды аралап, фермерлермен тілдеспек

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
1052
Кәсіпкерлер палатасы жер мәселесіне қатысты аймақтарды аралап, фермерлермен тілдеспек

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері жер мәселесіне қатысты сұрақтарды талқылау үшін аймақтарды аралап, фермерлермен кеңеспек. Алдағы айда 80 мыңдай шаруамен кездесу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы айтты. Онда ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты жан-жақты түсіндіру шараларын жүргізу көзделген. Жинақталған ой-пікірлер, мәлімет ретінде "Жер кодексін" қайта қарайтын үкіметтік комиссияға тапсырылады.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Жер комиссиясының төрағасы Бақытжан Сағынтав мұны қолдады. Біз кездесулер мен сауалнама қорытындысын комиссияға тапсырамыз. Барлық аудандар қамтылады. Қазір егіс науқаны. Дегенмен 30-50 пайызы жиналысқа қатысады. Әр өңірде 50-60 мың адамның пікірін тыңдап қайтамыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ