$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Еліміздің кеденшілері интернет сауданы реттеуге ниетті

19 мамыр 2016
1278
Еліміздің кеденшілері интернет сауданы реттеуге ниетті

Еуразиялық одаққа мүше бес елде ғаламтор желісі бойынша сауда жасауға рұқсат беретін лимит мөлшері әр түрлі. Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропа өңірі кеден қызметі басшыларының жиынында осы және өзге де мәселелер айтылды. Мәселен, Қазақстан мен Ресейде бір адам интернет арқылы 1000 еуроның тауарына тапсырыс бере алады. Ал Арменияда бұл сомма 400, Белоруссияда 22 еуро екен. Ресей кеденшілері жеке тұлғалардың ғаламдық желідегі саудасының құнын 22 еуродан асырмау керек деген ұстанымда. Бізде тіпті интернет саудадан қанша кіріс кіріп жатқанын ешкім есептеп жатқан жоқ. Оны мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары айтты. Жеке тұтынуға деп алынған тауарлардың қанша пайызы саудаға шығып жатқаны да белгісіз.

Ғұсман Амрин, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Жаңадан келген нәрсе. Тікелей ережесі жоқ. Салмағы 50 келіден артық болмау керек. Құны 1500 еуродан артық болмау керек. Енді интернетте бірнеше рет алуға болады ғой. Оны қалай ресімдеу керек. Сол сұрақтарды шешіп жатырмыз. Ресей айтады, оны кішірейтейік дейді. 50 доллар болсын дейді, бағасын иә. Одан артық болмау керек.

Комитет басшысы контрабандамен күресте көлеңкелі импорттың 25 пайызға төмендегенін айтты. Еуропа елдерімен ынтымақтастықты арттырса, жасырын айналымдар одан да азая түседі, - дейді Дәулет Ерғожин. Өйткені Қытай тауарын батысқа Қазақстан арқылы жеткізу тиімді. Ал оның мерзімін Қазақстан 5-7 күнге дейін қысқартпақ. Бюджетке де түсім артады. Қытайдың әрбір жүк көлігінің транзитінен елімізге 120 мың теңгедей кіріс кіреді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар