Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шығады

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
1466
Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шығады

Жемқорлық қылмысы үшін сотталған Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шығатын болды. Қазыбек би аудандық соты оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы қаулы қабылдады.

Жұмағұл Шөженов, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

Сотталушы Бауыржан Әбдішевтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы арызы қанағаттандырылды. Ол қалған 1 жыл 4 ай 4 күн жазасын түзету мекемесінде өтеуден мерзімінен босатылады.

Бауыржан Әбдішев енді 15 күннен соң бостандыққа шығады. Сот экс-шенеуніктің абақтыда ешбір тәртіп бұзбағанын, отбасылық жағдайын ескерген. Оның жанұясы қамқорлыққа зәру. Әйелі үй шаруасында. Қарт анасы мен кәмелетке толмаған екі баласы бар. Оның біреуі мүгедек.

Еске салсақ, Әбдішев «Ахметов ісіне» қатысы бар деген күдікпен 2014 жылы қыркүйекте қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің 307,310-ыншы баптарымен, яғни «кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты», «қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды» деген айыптар тағылып, өткен жылы желтоқсанда 5 жылға сотталды. Ал биыл 15 наурызда апелляциялық инстанция оған кесілген жазаны 3 жылға азайтқан. 

Айжан ҚУАШ