Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Халықаралық іздеуде жүрген экс-депутат Ерқанат Тайжанов Австрияда қолға түсті

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
1843
Халықаралық іздеуде жүрген экс-депутат Ерқанат Тайжанов Австрияда қолға түсті

Атышулы «Азбука жилья» құрылыс компаниясының жетекшісі болған, экс-депутат Ерқанат Тайжанов Австрияда қолға түсті. ІІМ өкілінің хабарлауынша, үлескерлердің қаржысын қалтаға басқан қашқын шенді 13 мамырда тұтқындалған. Бүгінде оны елге жеткізу мәселесі қаралып жатыр.

Тайжанов қолды қылған қыруар қаржыға Астанада бірнеше тұрғын үй кешені салынуы тиіс болатын. Оған 2015 жылдың қазанында іздеу жарияланды. Автрияда жасырынып жүргені туралы ақпарат шыққан соң, былтыр желтоқсанда күдіктіні елге экстрадициялау жөнінде Австрияға сауал жолданған. Еске салайық, Ерқанат Тайжанов 2007-2008 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында «Азбука жилья» компаниясының иесі болған. 8 тұрғын үй кешенін салу барысында үлескерлердің 40 миллиардқа жуық қаржысын жымқырған. Қазіргі уақытта Тайжановты Қазақстанға әкелу мәселесі шешілуде. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ