Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырған әйелге қатысты сот процесі басталды

AstanaTV
19.05.2016ж. 20:00
1934
Жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырған әйелге қатысты сот процесі басталды

Таразда елдің жағасын ұстатқан оқиғаға қатысты атышулы іс бойынша сот процесі басталды. Жабық есік жағдайында өткен отырыста жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырды деп айыпталған 54 жастағы Бақыткүл Байсеңгерееваның ісі қаралуда. Отырысқа айыпталушының өзі қатысқан жоқ.

Азамат Тілепов, Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

Сот тергеуі жүргізіледі. Іс біткеннен кейін үкім шығарылмайды. Өйткені ол ауру адам. Жаза тағайындау болмайды. Біздің басты сот талқылауымызда Байсеңгерееваның қылмыстық іс-әрекетті жасағаны дәлелденсе, онда ол кісі мәжбүрлеп емделуге жіберіледі.

Ақыл-есінде ауытқу бар-жоғын анықтау үшін әйел Алматыдағы емдеу мекемесіне жіберілген-ді. Сот-психиатриялық сараптамасы Бақыткүл Байсеңгерееваның бойынан күйзеліс пен ауытқушылық белгілерін тапқан.  Ол қазір Тараздағы жүйке аурулары ауруханасында жатыр.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 13 қаңтарда «Тараз-Ақкөл-Саудакент» тас жолында болған еді. Талас ауданы, Үшарал ауылының 16 жастағы тұрғыны Таразға бара жатып, көлік ішінде босанған. Артынша оның анасы шақалақты көліктің терезесінен лақтырады. Салдарынан сәбидің бас-сүйегі сынып, бірден бақилық болған еді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ