Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде от шашып ойнаған балалар жарақат алды

AstanaTV
05.01.2016ж. 20:00
1358
Ақтөбеде от шашып ойнаған балалар жарақат алды

От шашатын мерекелік петардадан Ақтөбеде үш оқушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олар ойнап жүріп, мектеп ауласынан петарда тауып алып, оны атпақ болған. Қаңтардың 3-і күні облыстық балалар ауруханасына жеткізілген науқастардың біріне жедел ота жасаған. Петарда қолында жарылғандықтан, дәрігерлер алақанын бірнеше жерден тігіпті. Сонымен қатар, сынған шынашағына гипс таңған. Өзге екі баланың беті күйген.

Дияс Болатов:

Ол мектептің жанында жерде жатты. Тауып алдық. Сосын мен шырпы алдым да жандырдық. Жандырайын деп жатқанда, қатты атылып кетті. Сосын құлағымыз бәрі ауырды. Магазинге бардым да айттым «скорый шақырыңыз» деп. Сосын скорый шақырды да алып кетті.

Әкімжан Әубәкіров, Ақтөбе облыстық балалар емханасының травматолог дәрігері:

Ең ауыр жарақаттар соны қолында ұстаған баланың қолында. Қазіргі жағдайлары қанағаттанарлық. Былай динамикада нашарлаусыз. Емін алып жатыр. 

Мансұр ЕСҚОЖИН