$459.92 €501.31 ₽6.62
×

Экономистер пікірінше, валютаны сату-сатып алу алшақтығын кеңейту - құптарлық бастама

05 қаңтар 2016
1003
Экономистер пікірінше, валютаны сату-сатып алу алшақтығын кеңейту - құптарлық бастама

Ақпаннан бастап валютаны сатып алу - сату айырмашылығы 6-7 теңге аралығында болады. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды. Қаулыға сәйкес енді АҚШ ақшасын теңгеге сатып алу кезінде 6 теңге, ал еуро 7 теңге алшақтықпен саудаланады.

Экономист Айдархан Құсайыновтың пайымынша, бұл ақша айырбастау пункттері арасындағы бәсекелестікті арттырады. Ал ол тұтынушыға оң әсер етеді. Қазір шетелдік валютаның бағамы құбылып тұр. Ал оның бағасын қаржы саудалаушылары тәулігіне бірнеше рет алмастыруға мәжбүр. Егер АҚШ ақшасын сату мен сатып алу арасындағы алшақтық артса, тақтадағы бағамдардың ұзақ сақталуына түрткі болар еді. Бұл өз кезегінде қазақстандықтарды психологиялық тұрғыдан сабырға түсіреді, - дейді экономист.

Айдархан Құсайынов, экономист:

Меніңше, бұл - жағымды жаңалық. Ұлттық банк бұл шешімі арқылы бағаға үстемдік жүргізуден алшақтай түседі. Қолма қол ақша айналымын басқару айырбастау орындарына өтсе, бұл нарыққа жан бітер еді. Тиісінше айырбастау тіректерінің арасындағы бәсекелестік те күшейеді. Біреу шетел валютасын арзанға сатса, екіншісі оны сәл қымбатқа сататын болады.

Еске салайық, қазір шетелдік валютаны сату мен сатып алу айырмашылығы 2 теңге аралығында.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар