Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атырауда жол ақысы қымбаттады

AstanaTV
05.01.2016ж. 20:00
1416
Атырауда жол ақысы қымбаттады

Атырауда қалаішілік қоғамдық көліктер құны 80 теңге болды. Бұған дейін бір реттік жол ақысы 50 теңге болған. Қала маңына қатынайтын автобустар да 20 теңге қосқан.

Бірден 80 теңгеге көтеру дұрыс емес. Студенттерге қиын, адамдарға да қиын. Оқушылар да мініп жатады. Одан да ақша сұрап жатады.

80 теңге деген өте қымбат. Біздер, мысалы, бір үйде 2-3 студент ұстап отырмыз.

Ал жергілікті атқамінерлер аймақтағы ең ірі жолаушы тасымалдаушы мекемеден арыз түскенін айтады. Шығынға батқандықтан, жол ақысын өсіруге мәжбүр болдық, - деп отыр. 

Қуаныш Ибрагимов, Атырау қалалық жолаушылар көлігі, энергетика және байланыс бөлімінің басшысы:

«АйсТрансХолдинг» мекемесі қайта-қайта арызданып шыққан болатын, қалалық мәслихатқа, қалалық әкімшілікке, қалалық кәсіпкерлер қорғау басқармасына. Олардың автобустары - негізі Украинаның, Қытайдың автобустары. Олардың қосалқы бөлшектері АҚШ ақшасының көтерілуіне байланысты, қымбаттауына байланысты, сондықтан 3 жылдан кейін қарап, қолдап отырмыз. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ