Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Дүниежүзілік банк әлемдік экономика өсімінің болжамын 2,9 пайызға төмендетті

AstanaTV
07.01.2016ж. 20:00
1258
Дүниежүзілік банк әлемдік экономика өсімінің болжамын 2,9 пайызға төмендетті

Дүниежүзілік банк әлемдік экономика өсімінің болжамын төмендетті. 2016 жылы көрсеткіш бірден 2,9 пайызға төмендеген деп банктің өзіне сілтеме жасап, Риа Новости хабарлайды.

Алдағы жылдың оңай болмайтынын банктің экономистері мәлімдеді. Олардың айтуынша, үстіміздегі жылы тәуекелдер көп болады. Бұған дейін, яғни маусым айында көрсеткіш 3,3 пайыз болады деп күтілген еді. Ал 2017 жылы жаһандық экономика өсімі 3,1 пайызды құрайды деп болжайды дүниежүзілік банк. Бұл да бұған дейін күтілген көрсеткіштен 0,1 пайызға төмен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ