Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте қару-жарақ дүкенінен 4,5 млн теңгенің атыс құралдары жоғалды

AstanaTV
07.01.2016ж. 20:00
2711
Шымкентте қару-жарақ дүкенінен 4,5 млн теңгенің атыс құралдары жоғалды

Шымкентте атыс құралдарын сататын дүкендердің біріне тиесілі жалпы құны 4,5 млн теңгеден асатын қару-жарақтар қолды болды. Бұл жайында Абай аудандық прокуратурасы хабар таратты. Құзырлы мекеменің дерегінше, ұрланған он атыс құралының біреуі - олимпиадалық жарыстарда қолданылатын өте бағалы қару. Италиялық «Перацци» маркілі қарудың құны 3 млн теңге тұрады. Одан бөлек шамамен 20 мың дана әртүрлі оқ-дәрілер жоғалған.

Мұншама қарудың қолды болғанын дүкеннің қойма меңгерушісі тауарларды түгендеу кезінде байқапты. Ірі көлемдегі қару-жарақ жуырда Алматыдан жеткізілген. Прокурорлар қазір осы іске қатысты «Қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ұрлау» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, тауарларды алып келуге дүкен қожайыны өзінің екі қызметкерін жіберген. Демек, аталған жүкті тасымалдау талаптары сақталмаған. Ал заң бойынша, ол Ішкі істер органы өкілдерінің көмегімен тасымалдануы тиіс.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ