Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада героин алып өтпек болған ер адам ұсталды

AstanaTV
07.01.2016ж. 20:00
1495
Астанада героин алып өтпек болған ер адам ұсталды

Астанаға жеткізілмек болған есірткінің жолы кесілді. Салмағы 5 грамм болса да, бұл көлемді партия болып есептеледі. Ақмола облысының 46 жастағы тұрғынының еркінсігені соншалық, героинді көлігіне жасырған. Тіпті оны жолдағы тексеру бекеттері де шошытпаған сияқты.

Бірақ осы сенімі өзін орға жықты. Себебі Көкшетау-Астана жолындағы «Рубеж» бекетінде күдік тудырған машинаны полицейлер тоқтатады. Сөйтіп, қулығы əшкере болған жүргізуші былығы ашылды. Қазір тəртіп сақшылары героиннің кімге жеткізілмек болғанын анықтап жатыр. Күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды.