Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

7 жылға сотталған «Қазақ зағиптар» қоғамының бұрынғы басшысы сот үкіміне қарсы

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1528
7 жылға сотталған «Қазақ зағиптар» қоғамының бұрынғы басшысы сот үкіміне қарсы

Жақында 7 жылға сотталған «Қазақ зағиптар» қоғамының бұрынғы басшысы Байболат Әубәкіровтің қорғаушылары сот үкіміне қарсы шағым түсірмек. Бұл туралы арнамызға сұхбат берген айыпталушының қорғаушысы Жомарт Сарманов мәлімдеді.

Еске салсам, өткен жылдың желтоқсан айының 28-сі «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген еді. Сот оны тапсырылған мүлікті иеленді деген бап бойынша айыпты деп таныған болатын. Бірақ соттың бұл шешімі әлі күшіне енбегендіктен, оны жою үшін қорғаушылар қаңтардың жиырмасына дейін шағым түсіре алады.

Қорғаушы Жомарт Сармановтың айтуынша, тергеу кезінде Байболат Әубәкіровтің құқығы бұзылған. Ол тергеуші қылмыстық істі қозғаған кезде құжаттарды орыс және қазақ тілдерінде толтырды деп отыр. Сонымен қатар, сот процессі кезінде судья үкімді толық оқымаған. Ал, қорғаушы үкімнің толық нұсқасын тек бесінші қаңтар күні алдық деп отыр. Сондықтан бұл да қылмыстық істі жүргізу кодексінің бұзылғандығының айғағы деп отыр.

Жомарт Сарманов, Байболат Әубәкіровтің қорғаушысы:

Біз бесінші қаңтар күні ғана сот үкімінің толық нұсқасын қолымызға алдық. Сол күнге дейін сот қандай дәлелдерге сүйене үкім шығарғанын білмедік. Негізі соттан кейін бес күннің ішінде үкімді алуымыз керек болатын. Сот шешіміне міндетті түрде 100 пайыз қарсы шағым түсереміз.

Ал, зағип жандар қоғамдық бірлестігіндегілер жаңа басшылар "Қазақ зағиптар" қоғамына тиесілі мекемелерді жекеге өткізіп жібере ме деп алаңдайды. Олар көз жанарынан айырылған мыңдаған азамат жалғыз жұмыс орындарынан айырылып қалуы мүмкін,- дейді.

Азат Бөкенбаев, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі президентінің міндетін атқарушы:

Бұл жағдайдың арты зағиптар бірлестігіне тиесілі барлық нысандар жекенің қолына өтіп кететіне көз жеткізе аламыз. Яғни 80 жылдық тарихы бар бірлестіктің еліміздің түкпір-түкпіріндегі аумағы 40 мың шаршы метрден асатын 28 кәсіпорын біреудің қолына кетпейтіне кім кепіл? Жекенің қолына өтіп кеткеннің өзінде, мекемелердің саласы ауысып, 3-4 мыңнан астам зағип жан жұмыссыз қалуы әбден мүмкін.  

Берік ХАСЕНОВ