$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Сарбаздар өлімінің алдын алатын құрылғы күмән туғызды

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1950
Сарбаздар өлімінің алдын алатын құрылғы күмән туғызды

Қарауылда тұрып атылып, каптеркада асылып өлетін жауынгерлер азаймай отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жылына әскери қимылдарға қатысы жоқ 500 жауынгер өлімі тіркеледі екен. Мұндай алаңдатарлық тенденция әскер шенділерін тығырықтан шығудың жолдарын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Мысалы, ұлттық гвардия басшылары суицидке бейім солдаттарды анықтайтын аппарат алғандарын жариялаған. «Газразрядты визуалды әдісімен бүкіл офицерлік құрам, келісімшартпен қызмет ететін әскерилердің және, әрине, солдаттардың психологиялық жағынан қаншалықты табанды екенін тексереміз», - деді «Ұлан» ұлттық гвардиясы бас қолбасшысының әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары Мұхаметқали Сатов.

Мұхаметқали Сатов, «Ұлан» ұлттық гвардиясы бас қолбасшысының әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары:

Медицина жағынан айтқанда, өз-өзіне кеткенді депрессия дейді. Сол депрессияға кеткенде, аппарат оны көрсетеді. Біз сарбаздарымыз қатты депрессияда жүргенде оны аппарат көрсетеді, ол сарбазбен біз жеке тәрбие жұмысын жүргіземіз.

Алайда, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ радиофизика-электроника ғылыми зерттеу институтының директоры Сейіл Сауытбеков бұл аппараттың адамның психологиялық портретін анықтайтынына күмән келтіреді.

Сейіл Сауытбеков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ радиофизика-электроника ғылыми зерттеу институтының директоры:

Мысалы, астрологтар да өзінше түсінеді. Оған кейбір адамдар сенеді. Ал енді ол прибор болғаннан кейін одан сайын сенуі мүмкін. Ал іс жүзінде бұл медицинада қабылданған нәрсе емес. Сондықтан жаппай оны қолдану керек, оны көбейту керек дегенге мен келіспеймін.

Табылған амал ма, әлде, физик айтпақшы, күмәнді дүние ме? Арнайы материалды ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.