$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтауда теміржол бойында рельсті арба «Газель»-мен соқтығысып қалды

AstanaTV
05.09.2014ж. 10:00
1498
Ақтауда теміржол бойында рельсті арба «Газель»-мен соқтығысып қалды

Ақтауда теміржол бойында рельсті арба «Газель»-мен соқтығысып қалды. Апат шойын жолдың күзетілмейтін бөлігінде кеше күндіз болған. Машинисттің айтуынша, қақтығысқа "Газель" жүргізушісі кінәлі.

Ол рельсті арбаның жүріп келе жатқанына қарамастан, темір жолға шығып кеткен. Машинист арбаны тоқтатып үлгермепті. Салдарынан көлікті темір жолмен 20 метрге дейін сүйреп кеткен. "Газель"-де болған жолаушы әйел адам зардап шекті. Ол түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне қайтарылды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА