Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанға қайтарылатын жер телімдері елдің экономикалық мүддесіне пайдаланылады

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
1314
Қазақстанға қайтарылатын жер телімдері елдің экономикалық мүддесіне пайдаланылады

Қазақстанға қайтарылатын жер телімдерін елдің экономикалық мүддесіне пайдалану жоспары бар. Онда қазба байлықтары табылған. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады. Бұған дейін Ресейге жалға беріліп келген әскери полигондардың, яғни Жамантау, Сарышаған және Тайсойған сынақ полигондарын пайдалану мен жалға беру тәртібі өзгерген еді. Сол кезде Ресей жалға алып келген 11 миллион гектар жердің 1,6 миллион гектары қайтарылды.

Ерұлан Ақылбаев, ҚР ҚМ департаментінің басқарма басшысы:

Қайтарылатын жер телімдерінде Қазақстанның экономикалық мүддесіне пайдалану жоспарланып отырған пайдалы қазбалар бар. Сонымен қатар, жер телімдерінің бір бөлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрамына кіретін «Самара-Шымкент» авто жолы мен Жезқазған -Бейнеу темір жолының құрылысын қамтамасыз етуге сеп болады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА