Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өскеменде әйелі жасаған жол-көлік оқиғасы үшін лауазымды полицей жұмыстан кетті

AstanaTV
08.01.2016ж. 20:00
1391
Өскеменде әйелі жасаған жол-көлік оқиғасы үшін лауазымды полицей жұмыстан кетті

Шығыс Қазақстан облысы жол полициясының басшысы Жанболат Бақыжанов әйелінің қатысуымен болған қайғылы жол-көлік оқиғасынан кейін өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берді. 27 желтоқсан күні мерекелік кештен соң Ботагөз Бақыжанова мас күйінде көлікке отырып, жол бойында тұрған адамды байқамай қағып кеткен.

Кейін анықталғандай, қайтыс болған азамат Мирхат Отжағаров өңірдің қылмыстық полиция басқармасының қызметкері, әрі Бақыжановтар отбасының жақын досы болып шықты. Ботагөз Бақыжанованың өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Ал Отжағаров оқиға орнында дәрігерлер жетпей тұрып көз жұмды. Бақыжанова қатысты «Жол жүру ережесін бұзу» және «Жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол оқиғадан соң қамауға алынған. Бірақ кейін сот шешімімен үймаққа босатылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ