Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Азаматтық авиация комитеті мен «Bek Air» әуе компаниясы арасындағы дау шешілді

AstanaTV
12.01.2016ж. 20:00
1177
Азаматтық авиация комитеті мен «Bek Air» әуе компаниясы арасындағы дау шешілді

Азаматтық авиация комитеті мен «Bek Air» компаниясы арасындағы дау шешілді. Тараптар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «IOSA аудитінің талаптарын заңдастыру керек» деген талабымен келісті. Бүгін палата қабырғасында кездескен комитет пен компания өкілдері бұл дауды заң арқылы ғана реттеуге болатынын түсінді.

Қос тараптың текетіресі өткен жылдың соңында басталған. Азаматтық авиация комитеті 2016 жылдың қаңтарынан бастап IOSA халықаралық сертификатын алмаған әуе тасымалдаушыларының жұмысы тоқтайтынын мәлімдеді. Бірақ «Bek Air» компаниясы бұл талап ішкі әуе рейстерін орындайтын кәсіпорындарға қатысты емес екенін айтып, дабыл қақты. Тек ішкі тасымалмен айналысатын әуе компаниясы онымен қоймай IOSA халықаралық сертификатын алуды міндеттеген Азаматтық авиация комитетін сотқа берді.

Қанат Мұқышев, «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау комитеті хатшылығының хатшысы:

Біздің ұсыныстарымыз ескерілді. Азаматтық авиация комитеті жақын арада әуе кеңістігін қолдану туралы заң жобасына IOSA стандарттарын Қазақстан аумағында қолдану бойынша өзгерістер енгізілетінін хабарлады. Және қажет болатын өзге де нормативті-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізілетінін айтты. Бұл процесстерге бір жылдай уақыт керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ