$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Мұнай бағасы 90 доллардан төмендеді

AstanaTV
03.10.2014ж. 10:00
1021
Мұнай бағасы 90 доллардан төмендеді

Батыс Техас мұнайының баррелі 90 доллардан төмендеді. Бұл - соңғы 17 айда тұңғыш рет тіркеліп отырған жағдай.

WTI маркалы мұнайдың котировкасы 2 қазандағы сауда-саттықта 1,5 пайызға құлдырап, баррелі үшін 88 доллар 70 центті құрады. Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев, мұнай баррелі 60 долларға дейін түскен жағдайда, ақша несие саясатындағы шок сценарийінің қажеті болмайды деген пікірде. 1 қазанда осындай сценарийді Ресей Ооталық банкі жасап жатқаны мәлім болған.

Іле-шала Ресей үкіметі «2015 жылға және 2016 мен 2017 жылдардың жоспарлы кезеңіне арналған федералды бюджет туралы заң жобасын» Мемлекеттік Думаға ұсынды. Шығыстар 2015-2017 жылдары бір баррель мұнайдың базалық құны 96 доллар болған жағдайдағы бюджеттік ережеге сай жасақталған.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА