$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату бастамасын батысқазақстандық депутаттар да қолдайды

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
1547
Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату бастамасын батысқазақстандық депутаттар да қолдайды

Мәжілісті мерзімінен бұрын таратып, кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын батысқазақстандық депутаттар да қолдайды. Олардың пікірінше, жаһанды жайлаған дағдарысқа тыңғылықты дайындалу керек.

Үкімет дағдарысқа қарсы шараларға кіріскелі бері, Мəжіліс бірнеше заң жобасын жедел қабылдап, бес институционалдық реформаның заңнамалық негізін жасады. Елбасының «100 қадам» Ұлт жоспарына қатысты да ауқымды істер қолға алынуда. «Ендігі міндет - осы реформаларды ел болып іске асыру», - дейді жергілікті маслихат депутаттары. Сонымен қатар, олар сайлауға кететін шығынды азайту керектігін ұсынды. Ол үшін Парламент сайлауымен қатар, мәслихат депутаттарын сайлауды да қолға алу керек, деп отыр.

Асхат Иманғалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты:

Осы Парламент өзінің үлкен миссиясын, тіпті өзінің тарихи миссиясын атқарды деп айтуға болады. Депутаттардың ұсынысына менің қосатыным, облыстық мәслихат депутаты ретінде және ҚР азаматы ретінде Парламент сайлауын жергілікті мәслихаттармен ұштастырса, уақытты да, қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік беретін еді.

Ақсерік Әйтімов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты:

Өсу үшін, реформалау үшін және де оны дамыту үшін біздер жан-жаққа тарамай, қазір тезірек сайлауды өткізіп, содан кейін жұмысқа кірісу керек. Өйткені алдымызда тұрған 5 институционалды реформаны жөнді жүзеге асыру үшін, біздер жұмысты бастауымыз керек.

Еркін КАРИН