Президент Нұрсұлтан Назарбаев жоғары
деңгейдегі бірқатар отырыстарға қатысу үшін жұмыс сапарымен Минскіге келді, деп хабарлайды Ақ
орданың баспасөз қызметі.
Бүгін Беларусь астанасында ТМД мемлекет басшыларының кеңесі өтеді, деп жоспарланған. Онда гуманитарлық,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзге де салалардағы мемлекетаралық
ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 17 құжат жобасы қаралмақ. Сондай-ақ, Минскіде
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесі және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
отырыстары өтеді.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА