Brent маркалы мұнай бағасы барреліне
90 долларға дейін құлдырады. Bloomberg агенттігі осыны хабарлады. Күні кеше
мұнай фьючерсінің Лондондағы құны 88 бен 91 доллар аралығында болған.
Еске салайық, маусым айының басында
Brent мұнайының бағасы барреліне 115 долларды құраған еді. Barclays банкінің
сарапшылары мұны сұраныстың төмендеп, доллар бағасының өсуімен түсіндіріп отыр.
Айтуларынша, Ливиядағы мұнай өндіру
жұмыстарының қарқын алуы да осыған себеп.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА