$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Әлемдегі басты биржаларда мұнай бағасы бірден 4 долларға түсіп кетті

AstanaTV
15.10.2014ж. 13:00
1130
Әлемдегі басты биржаларда мұнай бағасы бірден 4 долларға түсіп кетті

Әлемдегі басты биржаларда мұнай бағасы бірден 4 долларға түсіп кетті. New York Mercantile Exchange биржасында WTI маркасы 81,04 долларға ал, IСE Futures Europe биржасында Brent 85,04 долларға арзандаған. Бұл туралы «РБК» арнасы хабарлайды.

Әлемдік мұнай бағасы соңғы үш айда құлдырап кетті. Маусымнан бері Brent маркасы 20 пайызға түсті. «Қара алтын»-ның арзандауы, ұсыныстың артып, сұраныстың төмендеуіне байланысты болып отыр. Халықаралық энергетика агенттігі 14 қазандағы тәуліктік сұраныс жоспардағы 1,3 миллион баррельден 700 мыңға дейін түсіп кеткенін мәлімдеді.

Агенттік орта есеппен әлем бойынша биыл тәулігіне 92,4 млн баррель мұнай тұтынылады деген болжам жасап отыр. Ал қыркүйекте нарыққа шыққан мұнай көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 миллион баррельге артық. ОПЕК болса, мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндіріс көлемін төмендетуді қарастырмайтынын хабарлады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА