Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Азаматтардың басым бөлігі Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасы дұрыс дейді

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1343
Азаматтардың басым бөлігі Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасы дұрыс дейді

Қазақстандықтардың 94 пайызы депутаттық корпус жаңару керек деп санайды. Олар Мәжіліс депутаттары өз міндетін сәтті орындап шықты деген пікірде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еуразиялық интеграция институты әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі Ботагөз Төреханова айтты.

Институт халық арасында экспресс-сауалнама жүргізген. Оған еліміз бойынша 600-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар сарапшылардың да 95 пайыздан астамы сайлау өткізу бастамасына қолдау білдірген. Демократиялар институты қауымдастығы да өз зерттеуін жүргізіп, 97 сарапшының пікіріне жүгінді.

Ботагөз Төреханова, Еуразиялық интеграция институты әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі:

615 адамның сауалнамаға берген жауабына қарап, халықтың белсенділігін аңғардық. Азаматтардың 82,5 пайызы бұл жаңалықтан хабардар болып шықты және олардың 93,6 пайызы мерзімінен бұрын сайлау өткізу дұрыс деп санайды. Сонымен қатар, қазақстандықтардың 97,2 пайызы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бір мезгілде өткізу қаржыны үнемдейді деп жауап берген.