Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Президенттің «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы негiзгi бағыттарды көрсетіп берді

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
4660
Президенттің «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы негiзгi бағыттарды көрсетіп берді

Мемлекет басшысының жуырда жарық көрген «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы - бес институционалдық реформаның ауқымды модернизациясының жол картасы. Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «Қоғамдық келiсiм» ұйымының директоры Наталья Калашникова осылай деп мәлiмдедi. Оның айтуынша, Президент бұл мақалада қазақстандық арманға апаратын жолдың негiзгi бағыттарын ғана көрсетіп қойған жоқ. Сонымен қатар, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты механизмдерiн атап көрсетті.

Ал бағдарламаларды іске асыруда қоғамдық институттардың ролі ерекше. Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы жоспар даярлаған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ассамблея еліміздің түкпір-түкпірінде мыңнан аса іс-шара ұйымдастырмақ. Наталья Калашникова, бұл қазақстандықтардың бiрлігі мен татулығын нығайтуға ықпал етеді, дейді.

Наталья Калашникова, «Қоғамдық келiсiм» РММ директоры:

Мемлекет басшысының мақаласында жалпыұлттық бiрлiк пен қоғамдық келiсiмдi нығайтудың заманауи  мүмкiндiктерi мен механизмдерi көрсетiлген. 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары әзірленген жыл. Сондай-ақ  қазақстандық бiрегейлiк пен бiрлiктi нығайтуға ықпал еткен жыл болды.

Берік ХАСЕНОВ