$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына төрт жарым миллиард теңге айыппұл салынды

AstanaTV
21.10.2014ж. 13:00
1218
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына төрт жарым миллиард теңге айыппұл салынды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына төрт жарым миллиард теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Ведомство ақпарынша, 2006-2008 жылдар аралығындағы кезеңде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы декларациялардағы салық соммасын төмендетіп көрсеткен.

Әңгіме тоғыз миллиард үш жүз миллион теңге турасында болып отыр. Бүгінде компанияға қатысты әкімшілік іс қозғалып, үстіміздегі жылдың14 тамызында жауапкершілікке тартылған. Астана қаласының арнайыландырылған ауданаралық әкімшілік соты компанияға айыппұл салды. Ақпар бойынша, сот актісі заңды күшіне енген. Яғни, компания айыппұлды толықтай өтеді.

Еске салайық, бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының таза табысы 2014 жылдың алғашқы алты ай қорытындысында 210 миллиард теңгені құрағандығы хабарланған болатын.

Жұрағат БАМАН