Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

AstanaTV
22.10.2014ж. 10:00
1526
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Кеше Астана уақыты бойынша 21 сағат 9 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының ұшу алаңынан «Протон-М» зымыран тасығышы «Экспресс-АМ6» спутнигін белгіленген орбитаға шығарды.

«Роскосмос» баспасөз қызметі хабарлағандай, телекоммуникациялық ғарыш аппараты бүгін таңғы 6 жарымдар шамасында орбитада «Бриз-М» жүрдек блогынан сәтті ажыратылған. Бұл Жер серігі Ресей аумағында байланыс, хабар тарату қызметінің жақсаруын қамтамасыз етуге арналған.

Еске саламыз, Ресей тарапы Протонды 2013 жылғы апаттан кейін екінші рет ұшырды. Былтыр шілдеде зымыран тасығыш көкке көтеріле бере, жарылып кетіп, Қызылорда облысы аумағына улы гептил төгілген еді.

Илхам ИБРАГИМ