Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Өскемендегі зообақта хайуанаттарға арнайы аз мәзірі дайындалды

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1821
Өскемендегі зообақта хайуанаттарға арнайы аз мәзірі дайындалды

Өскемендегі зообақта хайуанаттар үшін арнайы асхана ашылды. Енді мұндағы аңдар азпаздар әзірлеген тағамдармен қоректенетін болады. Ас мәзірі әр порцияға қанша дәрумен мен минерал қажет екені есептеле отырып дайындалған.

Майра Күлешева зообақтағы аң-құстардың азығын әзірлейді. Айтуынша, мұндағы хайуанаттарға әсіресе қысты күні ерекше күтім қажет. Жейтін қорегі - құнарлы, керекті май мен дәрумендерге, минералдарға бай болуы керек.

Майра Күлешева, зооасхананың аспазы:

Қасқырларға тауықтың басы мен сүйекті қайнатып береміз, күнделікті. Мына макаронды аюға. 

Жыртқыш құстарға берілетін түскі ас та еттен пісіріледі. Барлығы мөлшерге сай. Қыстың суығында зообақта ыңғайлы жағдаймен қоса, қорек те құнарлы болғаны дұрыс. Аюлар бал жейді. Қалған хайуанаттарға кебек, көкөніс қоспасы, сүт пен жұмыртқа беріледі. Ал, түйелердің қорегі - шырша бұтағы. Зообақта біз аюларды қоректендіріп көрдік.

Мекеме директоры Зайнетдин Шамшиев әрбір хайуанат жайлы ұзақ әңгімелеуге дайын. Жуырда ғана аюлардың торына қосымша құрал орнатуға тура келгенін айтады. Қонжықтар 4 метрлік қоршаудан асып түскен. Қаңтарда 1 жасқа толған егіз маймақтар да осы зообақта туған. 

Зайнетдин Шамшиев, зообақ директоры:

Тамақтарын қазір енді бұлар күннен күнге арттырып, өзінің үлкен аюлардың нормасын жеп, қазір жақсы өсіп келе жатыр.

Аң-құстар көбейсе, мұндағылар үшін кәдімгідей мереке. Мамандардың сөзінше, қамаудағы хайуанаттардың ұрпақ өрбітуі сирек жағдай. Алайда, мұндағы тұрғындардың қатары толығу үстінде.

Зайнетдин Шамшиев, зообақ директоры:

Егер біз төл алсақ, мұндағы жағдайдың аңдар үшін ыңғайлы болғаны. Яғни бұл жер табиғи өмірге лайықталған болып отыр. Міне, біздің нәтижеміз.

Өскемендегі зообақта 300-ден астам хайуанат бар. Оларды азықтандыруға келгенде, еш мәселе туындамайды. Аңдар мұнда тәулігіне екі рет қоректенеді. Зообақ мамандары хайуанаттардың тәбеті жақсы екенін айтады.  

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ