Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қыстың ортасында Таразда бақбақ гүлдеді

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
3189
Қыстың ортасында Таразда бақбақ гүлдеді

Қаңтардың ортасында Таразда бақбақ гүлдеді. Ал ағаштар бүр жара бастаған. Қазір Жамбыл өңірінде ауа-райы +3 градус жылылықты көрсетіп тұр. Ал Тараз қаласында күндіз +4 градус жылы болды. Мына бақбақ гүлдері қаланың орталық «Достық» алаңында өскен. Көше бойындағы ағаштардың бүрінен жасыл өскін байқалады.

Мырзабек Шағыров:

Саябақтан жұлып алдым. Бүгін үйге осы келіншегіме гүл теріп, сыйласам ба деп отырмын. Мынау негізі көктемде шығатын гүл ғой, міне, енді күннің жылылыған болуы керек, гүлдеп жатыр. Қазір қақаған  қаңтар айы ғой, нағыз қыстың шілдесі дейміз. Соған қарамастан, Таразда ауа райы өте әдемі болып тұр. Күн жылы. Ешқандай суық та жоқ, қар да жоқ.  
 
Данияр ӘЛІМҚҰЛ