Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәскеудегі жұлдыздар матчында «Барыстың» екі хоккейшісі өнер көрсетеді

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1463
Мәскеудегі жұлдыздар матчында «Барыстың» екі хоккейшісі өнер көрсетеді

Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» Ярославльде жергілікті «Локомотивпен» кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді. Соңғы бес ойында қарсыластарынан басым түскен астаналықтар жеңіс сериясын жалғастыра алмады. Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Келесі бөлікте жанкүйерлер бір ғана голдың куәсі болды. Ал, соңғы кезеңде төрт бірдей шайба соғылып, үшеуі біздің қақпаға енді. 50 ойында 72 ұпай жиған елордалықтар Шығыс конференцияда 7-орында келеді. Барыс 17 қаңтар күні Нижний Новгородтың «Торпедосын» қабылдайды.

«Барыс» клубы Мәскеудегі жұлдыздар матчына екі спортшы жібермек. Қорғаушы Кевин Даллмэн мен құрлықтық хоккей лигасының үздік мергендерінің бірі Найджел Доус танымал хоккей жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді. Жанкүйерлер көптен күткен жұлдыздар матчы Ресей астанасында қаңтардың 23-інде өтеді.



Қазақстандық экипаж «Дакар» додасында екінші кезеңде қатарынан мәре сызығын екінші болып кесті. Жарыстың оныншы кезеңі қатысушыларды бір іріктеп алған. Ең ауыр жол үзігі жүргізушілерге көптеген қиындықтар әкелді. Құмға көмілген көліктердің кесірінен спортшылар жарыс жолында минуттар емес, сағаттарын жоғалтып алды. Десек те, қазақстандық спортшылардың басты кестедегі көрсеткіші жаман емес. Артур Ардавичус қиындықтарға қарамастан, әзірге 13-ші орында.

Берік ХАСЕНОВ