$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Армения мен Әзірбайжан басшылары Таулы Қарабах мәселесіне қатысты келіссөздерді жалғастыру туралы шешімге келді

AstanaTV
28.10.2014ж. 10:00
1907
Армения мен Әзірбайжан басшылары Таулы Қарабах мәселесіне қатысты келіссөздерді жалғастыру туралы шешімге келді

Кеше Парижде Армения мен Әзірбайжан басшылары Таулы Қарабах мәселесіне қатысты келіссөздерді жалғастыру туралы шешімге келді.

Шиеленісті шешуге Францияның тағы ықпалы тиді. Алдымен екі президент Франсуа Олландпен жеке-жеке кездесті. Содан соң барып Серж Саргсян мен Ильхам Әлиев бетпе-бет жүздесті. Француз дипломаттары, тараптардың кездесуі жемісті болмайды, деп есептеген.

Алайда Франция мемлекет басшыларын келесі жылы қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Бас ассамблеясында тағы кездесуге келістірді. Екі ел арасында тамызда ғана әскери қақтығыс болғанын ескерсек, бұл жақсы нәтиже. Ол кезде араға Ресей түсіп тоқтатқан. Францияның Арменияға бүйрегі бұратыны белгілі. Десе де, Әзірбайжанмен экономикалық байланысқа да қызығушылық жоқ емес.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА