$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ресей 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының белгісін ұсынды

AstanaTV
29.10.2014ж. 10:00
1427
Ресей 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының белгісін ұсынды

Ресей 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының белгісін ұсынды. Таныстыру Мәскеудегі Үлкен театр ғимаратының қабырғасында жарық техникасы арқылы жасалды. Мундиаль-2018 белгісін Халықаралық ғарыш станциясындағы ресейлік ғарышкерлер таныстырды. Кеңес космонавтарының ашық ғарышқа ең алғаш сапары белгінің басты тақырыбы.

Белгінің басындағы ғажайып шар әлемнің футболға деген махаббатын білдіреді. Оның элементтері футболдан әлем чемпионаты мен өту елі Ресейдің белгілерін біріктірді. Эмблема ФИФА 2018 біріншілігі миллиондаған жанкүйерлердің армандары мен ғажайып тылсымын тоғыстырады.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

Ресей жоспарланған жұмыстарды дер кезінде аяқтайды деп сенемін. Әрине, барлығы жоғары деңгейде өтеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ