Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордада банк филиалдарының бірінде ұйымдасып қылмыс жасаған топқа қатысты үкім шықты

AstanaTV
30.10.2014ж. 10:00
1274
Қызылордада банк филиалдарының бірінде ұйымдасып қылмыс жасаған топқа қатысты үкім шықты

Қызылордада екінші деңгейлі банк филиалдарының бірінде ұйымдасып қылмыс жасаған топқа қатысты бүгін үкім шықты. Ұйымдастырушылары 7-8 жылға, қалғандары 5 жарым жылдан жаза арқалады. 16 томнан тұратын қылмыстық істі мамандандырылған ауданаралық сот бір ай бойы қарады.

Сот залында оқылған деректерге қарағанда, қылмыстық топ 2013 жылдың ақпан-тамыз айларында арам пиғылдарын іске асырып отырған. Топ мүшелері қызметтерін пайдаланып, бір құжат арқылы несие алу рәсімін қолданыпты. Жалған құжаттармен 40 адамға несие рәсімдеген.

Прокурорлардың айтуынша, топты басқарып келген банк филиалы директорының бұрынғы орынбасары. Ол өзінің қасына әріптестерінен бөлек, бұрын алаяқтықпен айналысқан адамдарды жинаған. Жалпы, жымысқы әрекеттерді 15 адам жасаған, оның 13-і - әйел.

Айыпталушыларға бірнеше бап бойынша кінә артылды. Атап айтар болсақ, ұйымдасқан топ құру, оны басқару және аса ірі көлемінде алаяқтық әрекеттер жасау. Топтың 6 мүшесі сот залынан бірден қамауға алынса, кішкентай балалары бар 6 әйел Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес, балалары 14 жасқа келген соң, жазаларын өтейді. Айта кетейік, сот шығарған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Батырбек Нұрмағамбетов, Қызылорда облысы прокурорының көмекшісі:

Алынған несие соммасының 20 пайызын өздері қылмыстық әрекеттерінің ақысы ретінде алып отырған. Жалпы, 40 несие алушы тұлғаға 101 миллион теңге көлемінде несие беріліп, оның 20 пайызын, яғни 20 миллион теңгесі көлеміндегі несие соммасы қылмыскерлерді қолына, яғни ұйымдасқан қылмыстық топтың басқарушысы мен қатысушыларының қолына түсіп отырған.

Шарипа САҚТАПОВА