Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сидней олимпиадасының чемпионы 100 аурухана құрылысына қарсы

AstanaTV
29.10.2014ж. 20:00
1865
Сидней олимпиадасының чемпионы 100 аурухана құрылысына қарсы

«100 мектепке еш қарсылығым жоқ, бірақ 100 аурухана салуға қарсы болғандардың бірі - менмін». Бүгін Сенатта бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралған Үкімет сағатында «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығының» директоры, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов осындай пікір айтып қалды. 

Ермахан Ыбырайымов,  «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры:

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Қазақстанда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді. 100 мектеп салуға спортшы ретінде қарсылығым жоқ. Бірақ 100 аурухана дегенге келіспейтіндердің бірі - менмін. Неге десеңіздер, Қазақстанда денсаулығы жоқ адамдар ғана тұратын сияқты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бабаларымыз. 100 аурухананың орнына елу аурухана салынып, қалған елу аурухананың орнына елу спорт кешені салынса.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ