Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда иттерге жем болған нәресте мәйіті табылды

AstanaTV
30.10.2014ж. 20:00
1275
Қарағандыда иттерге жем болған нәресте мәйіті табылды

Жан түршігерлік оқиға. Қарағандыда итке жем болған тастанды сәби табылды. Ал қатыгез көкек ананы полицейлер іздеп, таба алмай жатыр.

Бейкүнә сәбидің дәл осы иттерге жем болуы ғажап емес. Иттер Орталық базар жанындағы қоқыс жәшігіне тасталған нәрестенің өлі денесін тістеп көшеге алып шыққан. Дәл осы жерде мектеп орналасқандықтан, болған жайтқа балалар куә болған. Кешке 6 жарым кезінде мектептен қайтып бара жатқан оқушылар мен жергілікті тұрғындар мәйітті көздерімен көріп, аласұрып қалыпты. Дереу полицияға хабар берген. Айтуларына қарағанда, нәресте - ұл бала. Сол қолы мен іші жоқ, иттер жеп қойған болар дейді. Ал көкек ананың әзірге азия типті екені ғана белгілі. Тасжүрек әйелді тәртіп сақшылары іздеуге кірісті.

Юля Стецунова, куәгер:

Менің балам таланған баланы көріпті, үйге жылап келді. Әрең тыныштандырдым. Балалар мен ата-аналар үшін бұл үлкен соққы болды. Иттер тістеп көшеге алып шыққан. Сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел қара шашты, қараторы деп естідік.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Қарағанды облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Білім ошағының қасындағы базар мен иттердің көптігі ұстаздар мен оқушыларды әбден мезі еткен. Олардың балаларға шабуыл жасайтынын кездері көп болатынын,  87-ші негізгі орта мектептің ұжымы жылдар бойы айтып шағымданғанымен, нәтиже жоқ дейді.

Алтынай Әдішева, Қарағанды қаласының №87 негізгі орта мектебінің директоры:

Барлық үйлерде иттер көп. Кейде босап кетеді. Кейде балаларға да шабуыл жасап жатады. Ондай кезде әкімдікке жазамыз. Олар енді бір шаралар қолданатын шығар.

А.КУАШ 

Алдыңғы жаңалық